Көлденең композиция балық аулайтын кеменің палубасын теңізде жүзудегі көптеген белгілерімен - шлюпка, зәкір, арқан орамы, көтергіш кран және борттық қоңыраумен толтырылғанын бейнелейді. Орталықтан сәл сол жағында борттың алдында ақ шашты теңізші тұр, көзін алыстағы теңізге тіккен, ондағы мұнарланған тұманда әйнектей елесті кемелер батырлармен пайда болып, олардың үстінде ақ шағалалар қалықтап жүр. Автордың аты жөнінің бірінші әріптерінің белгілері және күні оң жақ төменде жазылған – ВТ., 87.
Кимешек киген жас әйелдің құндақталып ұйықтап жатқан томпақ жүзді баласына деген елжіреу қалпын бейнелейтін көлденең композициясы. Құшағындағы қиылысып тұрған қолдары, екі кейіпкердің ажырамайтынын, біртұтасты – шексіз махаббатқа, жарасымға, жарастыққа тола ғаламды құрайтын сезімін тудырып, композицияны аяқтайды.