Баян-Хангор аймағынан қыз. 1978 ж.
Көк түсті киім және ақшыл сары аң терісінен жасалған бөрік киген жас шығыс әйелдің кеудеге дейінгі портреті, ол көрерменге қырындап қарап тұр. Акварельдік техника күрделі көп құрамды түстер құрылымын тудырады, ол моңғол қызы бейнесінің жұмсақ жарығы мен даралығын жеткізеді.
- Автор
- Үкі Әжиұлы Әжиев
- Автор туралы
- 23.12.1924, Алматы облысы, Кемір-Тоған ауылында туған – 7.05.2015 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазКСР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты. 1938–1941 жылдары Ленинград көркемөнер академиясы жанындағы өнер мектебінде оқыды. 1950 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген, Н. Крутильниковтан, А. Черкасскийден дәріс алған. 1950 жылдан бастап көрмелерге қатысқан. 1959 жылдан бастап КСРО суретшілер одағының мүшесі. 1950 жылдан бері Алматы қаласында тұрып қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1978
- Материалы және техникасы
- Қағаз, акварель
- Көлемі
- 65 х 48
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-1173)