Сахалин. Татарский бұғазы. 1987 ж.
Көлденең композиция балық аулайтын кеменің палубасын теңізде жүзудегі көптеген белгілерімен - шлюпка, зәкір, арқан орамы, көтергіш кран және борттық қоңыраумен толтырылғанын бейнелейді. Орталықтан сәл сол жағында борттың алдында ақ шашты теңізші тұр, көзін алыстағы теңізге тіккен, ондағы мұнарланған тұманда әйнектей елесті кемелер батырлармен пайда болып, олардың үстінде ақ шағалалар қалықтап жүр. Автордың аты жөнінің бірінші әріптерінің белгілері және күні оң жақ төменде жазылған – ВТ., 87.
- Автор
- Тимофеев Василий Васильевич
- Автор туралы
- 01.01.1943 жылы Новосибирск облысы, Татарск қаласында туған. 1963 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. 1974 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. КСРО медалдарымен марапатталған. 1971 жылдан бастап Балқаш қаласында, 1982 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды. 1998 жылдан бастап Мәскеу қаласында тұрады және қызмет жасайды.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1987
- Материалы және техникасы
- Қағаз, түрлі түсті автолитография
- Көлемі
- 42 х 70
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-2381)