Санаты

Қыздың басы. XX–XXI ғғ.
Жас қыздың басы бір жағына сәл еңкейген, үлпілдек шашы жүзін көмкеріп ұқыпты жиналған. Үлкен көздері, айқынқастары, жіңішке мұрны, және жалпы әсем бет әлпеті шығыс сұлу әйел бейнесін жасайды. Қыздың беті сәл ойшыл, бірақ оны шақырса, ол шақырған дауысқа бірден жауап қайырып күлімсірейтін сияқты. Мүсінші тек қана сыртқы келбетін ғана емес, сонымен қатар, кейіпкердің ішкі рухани әлемін де шебер жеткізген. 

 


ТОЛЫҒЫРАҚ
Чинара. 1986 ж.
Жас қазақ қыздың басы, шашы артына жиналып, сәл бұйраланған, ұқыпты құлақтарын ашады. Көздері сәл жұмулы, олардың үстіне бұйраланған кекіл салбырап түсіп тұр. Өткір иек алдына қарай шығып, қабысқан нәзік еріндерін ерекше көрсетеді. Ішкі ойлануға әрекеттену, медитация айқын сезіледі. Мүсіндік портрет үйлесімділіктің көрінісін бейнелеген тәрізді, онда әйел әсемділігі көркем жастық шығыңқылығымен үйлеседі.


ТОЛЫҒЫРАҚ
Кербез-Астана. 2000 ж.
Біздің алдымызда мақтанышпен адымдап алға басқан жас қыздың бейнесі. Қыздың киімі мен шашы желден желбіреп тұр. Мүсін Қазақстанның жас астанасы – Астананы бейнелейді. Шоқан Төлешорындаған бірнеше әйелдердің қысқа көріністерінде ымдар, сызықтар, «көпсөзділік» жоқ, бәрі де ықшам және жинақталған. 




ТОЛЫҒЫРАҚ
Ертегі. 2013 ж.
Автордың көптеген шығармаларында Х–ХІІІ ғасырлардағы Моңғол өнерінің ықпалы байқалады. Негізінде, бұл бас киімдердің, киімнің, қарудың тән бейнелері, моңғолия беттерінің қатты ұзартылған маскалары. Біздің алдымызда мүсін негізіндегі мифтік сақтаушы-барыс және сауырындағы фантастикалық айдаһарымен кербез ат, оның үстіндегі әсем және еркін салт атты әйелдің мүсіні. Алтын зеңжарлау ертегі сюжетіне ерекше мән береді. 


ТОЛЫҒЫРАҚ
ХХ век. 1985 ж.
Ғарышкер ағаштан жасалған орындықта аяғын аяғына қойып, қолдарын екі жаққа созып отыр. Бос дене күйі мен қиналған, қайғылы, көзі жабық бет әлпеті диссонансқа түседі. Оның қабағы түйіліп, ерін шеттері төмен түсіп тұр. Скафандр алюминийден жасалған, ал жүзі, қолдары, жалаңаш аяқтары қоладан құйылған. 



ТОЛЫҒЫРАҚ
Женский торс. 1994 ж.
Аяғын астына басып отырған, денесі ұзын, кеудесі үлкен емес әйел дене бітімінің стильдік бейнесін көрсететін ықшамды композиция. 




ТОЛЫҒЫРАҚ
Неке. 1979 ж.
Күрделі өрілістегі адам тәріздес екі бейне. Бірі, әйел кеудесімен, ұзын жіңішке аяқтарын алшайтып, қолдарын көтеріп тұр. Екіншісі – жіңішке, иілімді – тұрып тұрғанның иықтары арқылы «мост» тұрысында тұр, аяқтары жылқының аяқтарына ұқсаc.  



ТОЛЫҒЫРАҚ
М. Әуезовтың портреті. 1963 ж.
Белгілі қазақ жазушысының Мұхтар Әуезовтің мүсіні.Маңдайдағы терең қасқалары бар, костюм мен галстук киген, жас емес шығыс ер адамның портреті. Маңдайы қатайған, қастары арасында тік әжімдері бар, ойшыл көзқарасы сәл бір жаққа бағытталған. 




ТОЛЫҒЫРАҚ
Ананың үйі. 1983 ж.
Қиылысатын сызықтар мен үшбұрышты жазық негіз тізерлеп бұрышта отырған әйел бөлме фрагментінің елесін жасап тұр. Әйел қолдарын символдық ошаққа созып отыр, ол жалпақ дөңгелек пішінді қып-қызыл смальта тілімі түрінде көрсетілген.  



ТОЛЫҒЫРАҚ
Тазы. 2004 ж.

Алдынан қарағандағы екі отырған бейне көрсетілген–ер адам және әйел. Олар схемалық және жазық түрінде бейнеленген. Ер адам қолында балық бар баласын ұстап отыр, ал әйел аяғын айқастырып, иығында ұл баланы ұстап отыр. Ересектердің үстінде құс бар. 


ТОЛЫҒЫРАҚ
Отбасы құспен. 2008 ж.
Алдынан қарағандағы екі отырған бейне көрсетілген–ер адам және әйел. Олар схемалық және жазық түрінде бейнеленген. Ер адам қолында балық бар баласын ұстап отыр, ал әйел аяғын айқастырып, иығында ұл баланы ұстап отыр. Ересектердің үстінде құс бар. 


.

ТОЛЫҒЫРАҚ