Санаты

Құдағи жүзік. XIX ғ.

Жүзік бауырдан және сопақша пішінді қастан тұрады. Тегістелген бауыры ортасына қарай тарылады. Жүзіктің қасы (8,9 х 8,9 х 1,2 см) екі жұқа, жалпақ пластинканы және ені 1,2 см болатын лентены қырынан дәнекерлеп, ішін пастамен толтыру арқылы жасалған. Қастың беті ақыққа ұқсас шыныдан жасалған тамшы тәрізді төрт және дөңгелек пішінді өрнектермен безендірілген. Өрнекті ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, пластинкаға дәнекерленген және бедерлі, тегіс таспамен безендіру арқылы дәнекерленген. Шыныдан қойылған үстемелердің арасындағы кеңістік «бау», «бантик», «үшбұрыш» түріндегі өрнектермен безендірілген. Тамшы тәрізді үстемемен «бау» өрнектің арасына көзтана орнатылған. «Бау» өрнегінің екі шетіне үлкен көзтана бекітілген. Қастың тік қабырғасының жоғарғы және төменгі бөліктері үшбұрыш және үзік сызық пішініндегі бүршіктермен өрнектелген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.

Үш негізгі бөліктен және жеті салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтар өзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.

Бірінші бөлігі көпқырлы, тамшы тәрізді, ортасына қарай шыныдан жасалған екі сопақша көзбен безендірілген.  Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған. Алдыңғы бөлігінің сұлбасы бойынша ширатылған жұқа сымдар жиектеліп «X»-тәрізді «Қаражары оюын» құрайтын сәндік жолақ өтеді. 

Екінші бөлігі ортасына қарай шыныдан жасалынған екі сопақша көзбен безендірілген квадраттан тұрады.

Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Алдыңғы бөлігінің сұлбасы бойынша ширатылған жұқа сымдар жиектеліп «X»-тәрізді «Қаражары оюын» құрайтын оюланған сәндік жолақ өтеді. 

Үшінші бөлігі топсалыәдіспен біріктірілген сопақша пішінді екі бірдей құрамдас бөліктен тұрады.

Әрбір бөлік ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас сопақша көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.

Алдыңғы бөлігінің сұлбасы бойынша ширатылған жұқа сымдар жиектеліп «X»-тәрізді «Қаражары оюын» құрайтын оюланған сәндік жолақ өтеді. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.

Үш негізгі бөліктен және бес салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтар өзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген. 

Бірінші бөлігі тамшы пішінді, ақыққа ұқсас,шыныдан жасалынған екі сопақша және тамшы тәріздес қалыптағы көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

Екінші бөлігі ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас екі сопақша көзбен безендірілген сопақша пішіннен тұрады.  Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

Үшінші бөлігі топсалыәдіспен біріктірілген сопақша пішінді екі бірдей құрамдас бөліктен тұрады. Әрбір бөлік ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас сопақша көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.

Үш негізгі бөліктен және үш салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтар өзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.

Бірінші бөлігі үшбұрышты ұшы бар квадрат,  шыныдан жасалған екі сопақша пішінді көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,5 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

Екінші бөлік екі сопақша тілімшелерден  тұрады және барлық аймағы үш бұрыш түріндегі түйіршіктермен безендірілген. 

Үшінші бөлік квадрат тәріздес тілімшелерден тұрады, ортасына қарай ақыққа ұқсас,шыныдан жасалынған екі сопақша көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.

Үш негізгі бөліктен және бес салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтарөзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.

Бірінші бөлігі жүрек пішінді, шыныдан жасалынған жүрек тәрізді көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

Екінші бөлігі ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас екі сопақша көзбен безендірілген жүрек тәрізді пішіннен тұрады. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

Үшінші бөлігі топсалы әдіспен біріктірілген тікбұрыш пішінді екі құрамдас бөліктен тұрады. Әрбір бөлік ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас сопақша көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.

Үш негізгі бөліктен және бес салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтарөзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.

Бірінші бөлігі көпқырлы, ақыққа ұқсас шыныдан жасалған екі сопақша пішінді және бір тамшы тәрізді көзбен безендірілген.  Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.

Екінші бөлік ақ түсті металдан жасалған көлденең көзге бөлінген, ортасында шыныдан жасалған екі сопақша көзбен безендірілген квадраттан тұрады. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.

Үшінші бөлік ақ түсті металдан жасалған көлденең көзге бөлінген, ортасында шыныдан жасалған екі сопақша көзбен безендірілген квадраттан тұрады. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған. 



ТОЛЫҒЫРАҚ
Құдағи жүзік. XIX ғ.

Жүзік бауырдан және сопақша пішінді қастан тұрады. Тегістелген бауыры ортасына қарай тарылады. Жүзіктің қасы (7,3 х 7,3 х 1,1 см) екі жұқа, жалпақ төсемшені  және  ені 1,1 см болатын лентены қырынан дәнекерлеп, ішін пастамен толтыру арқылы жасалған. Биіктігі 0,35 см ұяшық төсемшеге дәнекерленген, қалыпталған тегіс және кедір, бұдыр қаңылтырмен көздердің шеті, үстіңгі бөлігі бастырыла безендірілген. Көздердің беті үшбұрыш пішіндегі көзтаналармен безендіріле отырып бекітілген. Көздердің арасындағы кеңістік «бау», «бантик» пішіндес өрнектермен көмкерілген. Сопақша көздерді айнала көзтаналар тізбегі орналастырылған. «Бау» өрнегінің екі шетіне көзтаналар орнатылған. Қастың жоғарғы және төменгі бөліктері үшбұрыш пішіндегі және үзік сызықтар түріндегі көзтаналармен безендірілген. Қастың жиегі ұсақ көзтана түрінде қалыпталған қаңылтырмен айнала бастырылған. Қастың бүйірі үшбұрыш пішіндегі ұсақ көзтаналармен өрнектелген.


ТОЛЫҒЫРАҚ
Құдағи жүзік. XIX ғ.

Жүзік бауырдан және сопақша пішінді қастан тұрады. Тегістелген бауыры ортасына қарай тарылады. Жүзіктің қасы (6,7 х 6,7 х 0,9 (см)) екі жұқа төсемше және бүйіріне ені 0,9 см лентаны дәнекерлеп, ішін пастамен толтыру арқылы жасалынған. Жүзіктің беткі қабаты төрт сопақша және бір дөңгелек пішінді ақық көздермен безендірілген. Биіктігі 0,2 см, көз ұяшықтары төсемшеге дәнекерленген және қалыпталған тегіс, кедір бұдыр таспамен бастырыла көмкерілген. Көздерді айналдыра көзтана таспамен дәнекерлеген. Көздер арасындағы кеңістік «бау» пішінді өрнектермен әсемделген. Сопақша пішінді көздерді және «бау» пішінді өрнекті айналдыра көзтана тізбегі орналастырылған. «Бау» өрнегінің екі шеті көзтана тобымен безендірілген. Қастың жоғарғы және төменгі бөліктері қаражар оюмен өрнектелген. Қастың жиегі қалыпталған ұсақ көзтаналармен көмкеріле жасалған. Қастың бүйірі үшбұрышты ұсақ көзтаналар арқылы безендірілген.

Жүзіктің беткі бөлігінің жиектерінде өрнектелген белдеулері айқасқан оюлардан «Қаражары оюы» тұрады.



ТОЛЫҒЫРАҚ
Құдағи жүзік. XIX ғ.

Құдағи жүзік екі саусаққа қатар киілетін қос шеңберден және негізгі бөліктен тұрады. Жүзіктің бетінің екі шетіне бедерленіп екі көз қойылған бедерлемеде қою қызыл бояу жаққан әйнек салған көздері бар. Екі бедерлеменің ортасын бөліп тұрған бөлік бұл екі отбасын тіл көзден сақтайды деген ырыммен жасалынған. Жүзіктің бет жағының ернеулеріне дөңгелек иректеліпәс емделген өрнек салынған. Жалпы жүзіктің беті шаңырақ пішіндес етіліп жасалынған ол отбасының белгісі.

Құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағайына өзінің қызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тартқан. Екі саусаққа кигізілуінің өзіндік себебі де бар: екі елдің баласы тіл табысып, бір шаңырақ көтеріп, бір отбасыға айналсын деген ырыммен жасалынады.

Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі. 


ТОЛЫҒЫРАҚ
Құдағи жүзік. XIX ғ.

Құдағи жүзік екі саусаққа қатар киілетін қос шеңберден және негізгі бөліктен тұрады. Жүзіктің бетінің төрт жағына үшбұрышты кескінде төрт шыны, астына қызыл бояу жаққан әйнек салған көздері бар. Қызыл түс оттың, өмірдің символы, ол адамды қаратүнектің басталуынан сақтайды деп санаған. Жүзіктің бет жағының ернеулеріне дөңгелек шеңберленіп жүрекше тәрізді кескіндемемен әсемделген.

Құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағайына өзінің қызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тартқан. Екі саусаққа кигізілуінің өзіндік себебі де бар: екі елдің баласы тіл табысып, бір шаңырақ көтеріп, бір отбасыға айналсын деген ырыммен жасалынады.Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қос білезік. XIX ғ.
Қос білезік жұмырланып келген күмістен жасалған. Білезіктің ортасы жапырақ тәрізді өрнекпен безендіріліп,  құйма техникасын пайдалана отырып дайындалған. Жалпы қос білезік өсімдік композициясымен өрнектелген, шеттері қалыптама техникасын пайдалана отырып, көз пішіндес өрнектермен безендірілген. Білезіктердің тісті жиектері «дөңгелек» ою-өрнектермен бедерленген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қос білезік. XIX ғ.
Қос білезік жалпақ иіліп бауырлы болыпкелген, тізбектеліп жалғасқан қалыптау техникасымен өрнектелген және тісті жиектерден тұратын ақ түсті металдан жасалынған.Білезіктің ортаңғы бөлігі дөңес сопақша түрде келген геометриялық ою-өрнектермен безендірілген. Қос білезіктің екі жағындағы жиектерітізбектеліп жапырақша тәріздес және дөңгелек пішіндес қалыптама және сіркелік қалыптама техникасыменжасалынған. Білезіктің тісті жиектері дөңгелектеніп келген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қос білезік. XIX ғ..
Қос білезікжалпақ бауырлы болыпкелген. Білезіктің ортасына «құсқанат» өрнегі салынып, екі қанаттың ортасы дөңес зауыт үлгісімен безендірілген. Композиция негізінен құрамында құс қанаттары мен пирамида және ромб пішіндес, бұйраланып келген сіркелену әдісімен жасалынған өрнектерден тұрады. Қос білезіктің ортасына салынған «құсқанаты» бейнесіндегі өрнектің ортасында тамшы тәрізді салынған бөгет бар. Дөңес скан техникасымен өрнектелген. Қос білезік негізінен сіркелік қалыптау техникасымен жасалынып, алтын жалатылған. Білезіктердің тісті жиектері «дөңгелек» ою-өрнектермен бедерленген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ