Тойға бару. 1964 ж.
Ашық дала кеңістіктегі әсем киінген, көңілді, бір-бірін қолтықтап алып, шаттана сөйлесіп, күліп, асығып бара жатқан қыздар тобын бейнелеген созылған көлденең композиция. Қыздар тобының артында сары-қызғылт автобустың шетін көруге болады.
- Автор
- Кенжебаев Шыңғыс Бейсембайұлы
- Автор туралы
- 08.04.1927 жылы Қызылорда қаласында туған – 01.03.1996 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. 1954 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. 1966 жылы - В.И. Суриков атындағы көркемсурет институтын бітірді, Э. Кибриктен дәріс алған. 1959 жылдан бастап көрмелерге қатысты. 1961 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1960 жылдан бері Алматыда тұрып қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1964
- Материалы және техникасы
- Қағаз, линогравюра
- Көлемі
- 35,5 х 72
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-1895)