Шығыстық натюрморт төрт ыдыс пен табақ үстінде жатқан қауын бөліктерінен тұрады. Заттар түрлі түсті матаның аясында орналасқан. Қауын бөліктерінің сары түсі қара құмыралардың аясындағы жарқын екпін ретінде ұсынылған.
Көкжиек сызығы сурет кеңістігін екі тең бөлікке бөледі. Жоғарғы бөлігінде – бүкіл аспан сұр-ақ бұлттармен тартылған, олар оңнан солға қарай жүзуде. Төменгі бөлікте – жыртылған жер, оның қызғылт-сары атыздары көкжиекке ұмтылады. Жазықтықтардың жанасу нүктесінде, суреттің ортасынан сәл оң жақта аласа үй орналасқан.
Суреттің басты кейіпкері - түйенің үстіне мінген әйел, ол соқпақ жолмен суреттің оң жағына қарай бағытталады. Суреттің түсі жылы, сұр-қоңыр түстері басым. Жоғарғы сол жақ бұрыштан диагональмен төменгі оң жаққа дейінгі жолдың бағытына байланысты, түйенің қозғалысының баяу болып келетінін, және иесі оны еппен игергенін байқауға болады.
Алдыңғы планда ер адамның турасынан тұрған кеуде асты портреті. Ер адам жаңбырдан кейін ашық жасыл көгал аясында тұрып тұр, ол үстіне кәжең киген, басында ашық түсті шляпасы бар.
Натюрморттың композициялық, түстік, кеңістіктік құрылымы суреттелген объектілердің гармоникалық үйлесіміне бағынады. Жоғарғы сол жақ бұрыштан оң жақ төменгі бұрышқа дейін диагональды шешімі бар композицияның геометриясы жайлылық сезімін тудырады. Ақ шүберектің матасы және сопақ пен тандыр нандардың жұмсақ түсті кереғары, құманның жарқын түсі балшықтан жасалған суық-жасыл құмыра түсіне қарама қарсылығы ауылдық түскі астың тыныш әңгімесі атмосферасын жеткізеді.
Натюрморт қазақ мәдениетіне жататын дәстүрлі нысандардан құрастырылған. Дала кеңістігі мен көкжиектегі тау тізбегінің бейнесі суреттің аясы ретінде алынған. Алдыңғы планда түрлі түсті текеметтің үстінде жатқан қазақтың ұлттық ішекті музыкалық аспабы – қобыз жатыр, оның жанында әйелдерге арналған бас киім – сәукеле.