Экскурсия. 1973 ж.
Автобуспен келе жатқан адам тобының портретін бейнелеген көлденең композициясы. Олар қырынан қараған табиғи дене қалпында бейнеленген. Терезенің қасында қимешек киген егде қазақ әйелі мен көзілдірік таққан, тақия киген қарт отыр. Көрерменге жақын, өтетін жерде бауы ұзын портфелі бар қыз тұрып тұр. Автобус терезелерінің сыртында Ленин атындағы Сарайдың сұлбасы танылады (қазіргі Алматыдағы Республика сарайы).
- Автор
- Антощенко-Оленев Валентин Иосифович
- Автор туралы
- 01.01.1900, Полтава облысы, Үлкен Зенков ауданы, Ұлы Павловка ауылында туған – 11.06.1984 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1916 жылы Санкт-Петербургтегі Көркемөнерпаздарды көтермелеу қоғамы жанындағы көркемсурет өнер мектебінде Н. Рерихтан дәріс алған. 1918–1919 жж. – Витебск қаласы М. Шагалдың студиясында оқыған. 1924–1928 жж. - Мәскеудегі көркемөнер факультетінде жұмыс істеген. 1927 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1928 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеді. 1938–1957 жылдары Магадан қаласында тұрды. 1957 жылдан бастап Алматыда тұрып, қызмет жасады.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1973
- Материалы және техникасы
- Қағаз, монотипия
- Көлемі
- 46,5 х 35
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-1279)