Ж.с.д III–II ғғ. Теңліктен табылған олжаның ерекше көңіл аударатыны бетіне салт аттың бейнесі салынған көлбеу төрт бұрышты әшекей, шамасы ол киінге тағуға арналған болуы керек. Салт атты сақтарша кейінген, басында матадан тігілген шошақ бөрік, жадағйын жел желбіретіп тұр. Астындағы атының жалы күзелген, кекілі түюлі, тізесі бүгілге. Жүген, айылбас, ауыздық,сағалдырық бейнеленген. Салт атты бейненің бастауы анықталған жоқ. Мұндай бейнелер ж.с.д . 2 мың жылдықтың аяғынан бастап Таяу Шығыс пен Кіші Азияда белгілі болатын. Жұқартылған металдан ойылып жасалған алтын.
Ж.с.д. XII–X ғғ. Сырғалардың біреуіне алтын жалатылған, оның андрондық дөңгелек сырғалардан еш айырмашылығы жоқ. Түр жағынан ерекше болып құйылған, екіншісінің өте қолайлы да әдемі бекіткіші бар. Дөңгелек сырғаның ортасына бірінің артында бірі тұрған екі ат бейнеленген. Бұл бейнелер бір ізге түскен стиль бойынша қалыпты әдіспен жасалған. Аттардың әр мүшесі әсірелей салынғаны көрініп-ақ тұр: қалыптан тыс жуан мойны мен қақ айырыла төгілген жалы, кең танауы, сәл ғана төмен қарап қалған үлкен дөңгелек көз қалыпты бір тәсілді танытады. Бұл бейнелер тегі жұмсақ тасқа ойылып салынған да, кейіннен әрі қарай жетілдірілмеген болуы керек.