Әжесі мен немере қызы. 1973 ж.
Тік портрет екі әйел кейіптерін бейнелейді – көздері жартылай жабық, маңғаздана биіктеліп отырған егде жастағы әйел. Оның үстіне ақ көйлек, көк түсті қамзол киілген, басына ақ түсті орамал тағылған, оның қараторы терісі мен киімінің қардай ақ матасы арасындағы кереғарлық айқын көрінеді. Білезіктер мен сақиналар киілген еңбекшіл қолдары оның тізесіндегі сап-сары көйлек киген, өрілген шашына сары-қызғылт бант таққан бес жасар қызды мәпелеп ұстап отыр, ол әжесінің құшағынан қызығушылықпен басын шығарып қарап отыр.
- Автор
- Үкі Әжиұлы Әжиев
- Автор туралы
- 23.12.1924, Алматы облысы, Кемір-Тоған ауылында туған – 7.05.2015 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазКСР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты. 1938–1941 жылдары Ленинград көркемөнер академиясы жанындағы өнер мектебінде оқыды. 1950 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген, Н. Крутильниковтан, А. Черкасскийден дәріс алған. 1950 жылдан бастап көрмелерге қатысқан. 1959 жылдан бастап КСРО суретшілер одағының мүшесі. 1950 жылдан бері Алматы қаласында тұрып қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1973
- Материалы және техникасы
- Қағаз, акварель
- Көлемі
- 43 х 73
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-1181)