Ұлының дүниеге келуі. 1967 ж.
Композицияда көрерменге қарай басын беріп жатқан жалаңаш әйел мен оның аяқ жағында отырған үш әйел берілген. Оның екі жағында бірдей қалыпта қолдарымен сол аяғын кеудеге тартып отырған әйелдер монументалды мүсіндер сияқты. Олардың ортасында кимешек киген қартайған әйел жаңа туылған нәрестені көтеріп алып, анасы мен бүкіл әлемге көрсеткендей. Берілген аясы бейтарап, тек көкжиек жолы композицияны көлденеңінен қиып өтеді.
- Автор
- Рахманов Әділ Сабденұлы
- Автор туралы
- 27.02.1942 жылы Жамбыл қаласында туған – 14.04.1997 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. 1962 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірді. 1962-1965 жж. – мемлекеттік педагогикалық институтта оқыды. 1967 жылдан бастап Қазақ КСР Одағының мүшесі. Алматыда өмір сүріп, жұмыс істеді.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1967
- Материалы және техникасы
- Қағаз, автолитография
- Көлемі
- 72 х 58
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҰСГ НҚ тк1-2151)