Санаты

Тебінгі. ХХ ғ.

Тебінгі – таралғының айылбасы салт атты адамның балтыры мен тақымын қажамау үшін қолданылатын тұрман. Тебінгінің төртбұрышы металлмен қапталған. Теріге өрнек түсіріп ұсақ тастармен безендірілген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Жүген. ХХ ғ.

Жүген – негізінен ноқта, ауыздық, тізгін және шылбыр сияқты төрт бөлімнен тұрады. Ноқта – екі жақ, бір-бірден милық, кеңсірік және сағақ сияқты бөлшектерден тұрады. Екі жақтың ұзындығы екі түрлі, яғни қамшылар жағындағысы екіншісінен едәуір ұзын болады да, жоғарғы ұшы жылқының желкесінен асып, аттанар жағындағы жақтың жоғарғы ұшындағы айылбаспен бекітіледі. Ұзын жақтың жоғарғы ұшын жүгеннің желкелігі дейді. Желкелік арқылы жүгенді үлкейтіп, не кішірейтіп отырады. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Құйысқан. ХХ ғ.

Құйысқан – ер-тоқымды аттың мойнына ілгері жібермеу үшін құйрық астынан өтіп, ердің артқы жағымен жалғасып тұратын әбзел. Құйысқанда екі жақтау, екі жырым, екі жаңбырлықтағы салпыншақ, бір боқтық, бір сауыр үзбе (топшы), екі жаңбырлық үзбесі бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Тартпа. ХХ ғ.

Тартпа – ер-тоқымның бөлігі және ерді ұстап тұратын мықты жалпақ белбеу. Тартпаның ортасы терімен, екі жағы темірді оймалау және тесу арқылы әсемделіп жасалған. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Үзеңгі. ХХ ғ.

Үзеңгі – ер қапталына тағылатын, салт атты атқа мінгенде аяғын салып мініп, аттан түскенде аяғын салып түсетін маңызды ер әбзелдерінің бірі. Үзеңгі темірден соғылып, астыңғы аяқ қоятын жағы қошқар мүйіз оюымен өрнектеліп соғылған, баулары үзеңгіге бекітіліп теріден  жасалған.                 


ТОЛЫҒЫРАҚ
Ер. ХХ ғ.

Ер – дегеніміз, аттың арқасына ерттеп мінетін ағаш немесе темірден жасалатын әбзел. Ердің алдыңғы қасы металл пластинамен қапталып нақышталып жасалып, темірмен әшекейленген. Алдыңғы қасы артына қарай жатыңқы, отыруға ыңғайлы етіп жасалған. Ағаштан әдемілеп шауып алған екі қасты, қайыспен екі қапталға мықтап бекітіп, аттық (отыратын жер) шығарып жасаған. Темірден соғылып терімен қақталып жасалған.                 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Өмілдірік. ХХ ғ.

Өмілдірік – ол ат үстіндегі ерді артқа сырғытпай бір орнында ұстап тұру үшін ат кеудесімен ер басына жалғай салынады. Өмілдірік қайырып тігілген теріден жасалған. Теріге бекітілген темір құймалармен көркемделген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Жүген. ХХ ғ.

Жүген – аттың басын алып жүру үшін, оңды-солды бұру үшін қажет жабдық. Жүгенде ауыздық, сулық, екі жақтау, желкелік, сағалдырық, кеңсірік және айылбасы бар. Ат басына кигізілетін жүген, таспалар мен ауыздықтан тұрады. Таспалары теріден жасалған.  Сонымен қатар әшекейленген металдар бекітілген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Құйысқан. ХХ ғ.

Құйысқан – атқа ерттелген ертоқымды ат мойнына жібермей тұру үшін бір жағын ердің шеттігіне байлап, бір жағын ат құйрығына іліп қоятын құрал.  Құйысқан қалың қайыстан қайып тігілген таспалардан тұрады. Металдарды бекіте отырып, тастармен безендірілген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Тартпа. ХХ ғ. басы.

Тартпа – терлікті, тоқымды, ерді бекітіп ұстап тұратын ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Тартпа өңделген теріден дайындал, алты қатарлы жіңішке металл пластиналармен және бес ақық тас орнатылған, бес пластина жапсырмалармен шегеленіп бекітілген. Тартпаның екі шетінде жебе тәрізді салпыншақтар шығыршыққа ілінген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Үзеңгі. ХХ ғ.

Үзеңгі – ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Ердің қапталына қайыс бау арқылы тағылады. Үзеңгі металлдан құйылып дайындалған. Үзеңгінің жиектері жезбен көмкерілген, ал ортаңғы беті күміс пластинамен өсімдік тәріздес өрнектермен нақышталған. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Ер. ХХ ғ. басы.

Ер - салт атқа мініп жүру үшін пайдаланатын әбзелдердің бірі. Ер қаңқасы қайың ағашынан шабылып, екі қаптал, екі қас, белағаш бөлшектері құрастырылып, таспа арқылы біріктірілген. Ердің алдыңғы қасы доға тәрізді биіктеу жасалған, артқы қасы сәл аласа, орнықты, артқа қарай шалқақтау келген. Алдыңғы және артқы қастың  қапталы қызыл боялып, жұқа ақ металлмен қапталған, оның ортасы зооморфтық өрнектермен нақышталған, алдыңғы қасына үш ақық тас орнатылып, шегелермен бекітілген. Ердің беткі қабаты былғарымен қапталып шегеленген. Артқы қапталының оң жағына айылбас орнатылған. Ердің екі қапталы үзеңгі бау өткізу үшін тесілген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Баланың ері (ашамай). ХХ ғ. ортасы.

Баланың ері (ашамай) – бес жасқа дейінгі балалар мінетін, ердің өте жеңіл, ықшам, әрі қарапайым түрі. Ашамай тұтас ағаштан жонып дайындалған,екі қасы доға тәрізді жонылған және қара - қоңыр түсті бояумен боялған. Оның сырты былғарымен қапталып, шегеленген. Ердің қапталына екі жерден қайыс тартпа, шеткі бөліктеріне қайыс бау бекітілген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Үзеңгі. ХХ ғ. басы

Үзеңгі – ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Үзеңгі металлдан құйылып дайындалған, беті күміспен қапталып, шегеленген. Үстіңгі тұсы зооморфтық өрнектермен нақышталған. Үзеңгінің жоғарғы бөлігіне таралғы (қайыс бау) орнатылған. Қайыс таспаның беті әртүрлі көлемдегі күміс пластинамен геометриялық (шаршы, дөңгелек) өрнектермен нақышталған. Қайыс таспаның бір ұшында тілшегі бар темір айылбас бекітілген, оған қарама – қарсы ұшы доғал болып біткен. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Терлік (тоқым). ХХ ғ.

Терлік (тоқым) – теріге қысымды жұмсарта отырып ақ немесе қара киізден жасалады. Шеті қара барқытпен көмкерілген.Киіздің беті қара қоңыр түсті терімен қапталған. Бұрыштары  металдан жасалған тойтарылған шегелермен бекітілген. Тоқымның бетіне 113 бірліктегі әртүрлі өлшемдер мен пішіндердегі жапсырмалар қондырылған. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Жүген. ХХ ғ. басы.

Жүген – ауыздық пен жүген арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданатын ер-тұрман әбзелінің бірі. Жүген былғары таспадан дайындалған. Жүген кеңсіріктен, салпыншақ үзбелерден, сулықтан, ауыздықтан, жақтан, сағалдырықтан тұрады. Жүгеннің беті өрнектелген металл пластиналармен, дөңгелек жапсырмалармен нақышталып шегемен бекітілген. Металлдан құйылған ауыздығы сулыққа шығыршық арқылы жақ пен кеңсіріктің түйіскен жері зооморфты пластиналар орнатылған. Сағалдырықтың бір ұшында тілшегі бар темір айылбас орнатылған, оған қарама қарсы ұшы жоғалған. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Өмілдірік. ХХ ғ.

Өмілдірік – аттың кеудесін қамтып, ерді жоғары көтерілгенде артқа жылжытпайтын ат әбзелдерінің бір бөлігі. Өмілдірік жіңішке белдік тері тартпадан жасалған. Пішіні аттың кеудесіне лайықталған. Белбеулер тартпаға бекітілген. Орта тұсындағы белбеуі ерге байланады. Белдік тартпа металдан жасалған жапсырмамен бекітілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Тартпа. ХХ ғ.

Тартпа – ердің үстіне келетін төс айылдағы жалпақ әшекейлі зат. Ат әбзелдерінің бір бөлігі,ерді бекіту үшін қажет.  Жалпақ бір қатар былғарыдан жасалған. Оң жақ бетіне күмістен жасалынып, өрнектелген  20 жапсырмалар бекітілген. 

ТОЛЫҒЫРАҚ