Ана. Орталық бөлігі. 1982 ж.
Композицияның ортасында жер үстінде отырған жас қазақ әйелі бейнеленген, сол қолымен нәрестені бауырына басып отыр, оң қолы салтанатты ыммен көтерілген. Оның артында киіз үй, табындар, таулы белестер және бұлтты аспаны бар дала кеңістігі жайылған.«Ана» триптихының орталық бөлігінде басты кейіпкер – балаға деген шексіз махаббатын, оны кез-келген азаптар мен жазымдардан қорғауға дайындығын білдіретін ана бейнесі. Оның бойында нәзіктік пен күш-қуат, әйелдік пен ержүректілік, нәзік болуға дайындығы мен батылдықпен ақырына жету қасиеттері ғажап үйлеседі. Әйел мен нәрестесі бүкіл жаратылысқа себепкер болатын жер-ананы, өмір беретін және өз балаларын қорғайтын сол алғашқы көне бастамасын дараландырады.
- Автор
- Айтбаев Салихиддин Әбдійдіқұлы
- Автор туралы
- 19.02.1938, Қызылорда қаласында туған – 28 қыркүйекте1994 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР-нің лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты. 1961 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірді. М. Кенбаев, У. Әжиевте оқыды. 1961 жылдан бастап көрмелерге қатысқан. 1965 жылдан бастап КСРО суретшілер одағының мүшесі. 1961 жылдан бері Алматыда тұрды және жұмыс істеді.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1982
- Материалы және техникасы
- Қағаз, офорт, акватинта
- Көлемі
- 77 х 59
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-1194)