Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.
Үш негізгі бөліктен және бес салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтар өзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.
Бірінші бөлігі тамшы пішінді, ақыққа ұқсас,шыныдан жасалынған екі сопақша және тамшы тәріздес қалыптағы көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
Екінші бөлігі ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас екі сопақша көзбен безендірілген сопақша пішіннен тұрады. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
Үшінші бөлігі топсалыәдіспен біріктірілген сопақша пішінді екі бірдей құрамдас бөліктен тұрады. Әрбір бөлік ортасында шыныдан жасалған ақыққа ұқсас сопақша көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Западный Казахстан
- Материалы және техникасы
- Дәнекерлеу, шыны, түйіршіктеу, керту, қалыптау, өрме
- Көлемі
- 31,5 х 7 см
- Орналасқан жері
- Национальный музей Республики Казахстан
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ – 2782 КЗ (ГМЗКП – 948 ОФ- 638)