Қыздың басы. XX–XXI ғғ.
Жас қыздың басы бір жағына сәл еңкейген, үлпілдек шашы жүзін көмкеріп ұқыпты жиналған. Үлкен көздері, айқынқастары, жіңішке мұрны, және жалпы әсем бет әлпеті шығыс сұлу әйел бейнесін жасайды. Қыздың беті сәл ойшыл, бірақ оны шақырса, ол шақырған дауысқа бірден жауап қайырып күлімсірейтін сияқты. Мүсінші тек қана сыртқы келбетін ғана емес, сонымен қатар, кейіпкердің ішкі рухани әлемін де шебер жеткізген.
- Автор
- Иванов Павел Алексеевич
- Автор туралы
- 08.05.1938 – 10.10.2010. КСРО суретшілер одағының мүшесі. Ташкентте атақты мүсінші А. Ивановтың отбасында дүниеге келген. Отбасылық дәстүрі бойынша 1954 жылы П. Беньков атындағы Республикалық өнер училищесінің мүсін бөліміне түсті, сынып жетекшісі Ф.И Гришченко. 1959–1965 жылдары Ташкент театр және өнер институтында оқуын жалғастырды, П.П. Челышевтен дәріс алған. Өзбекстан Суретшілер одағының мүшесі, 1959 жылдан бастап республикадағы көрмелердің қатысушысы болған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Материалы және техникасы
- Күйдірген сары-қызғылт балшық
- Көлемі
- 34 х 35 х 30
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГтк1-1033 68/КП-2816)