Ананың үйі. 1983 ж.
Қиылысатын сызықтар мен үшбұрышты жазық негіз тізерлеп бұрышта отырған әйел бөлме фрагментінің елесін жасап тұр. Әйел қолдарын символдық ошаққа созып отыр, ол жалпақ дөңгелек пішінді қып-қызыл смальта тілімі түрінде көрсетілген.
- Автор
- Рахманов Вагиф Юсуф-оглы
- Автор туралы
- 12.03.1940, Баку қаласында туған. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1959 жылы Баку өнер колледжін бітірді. 1965 жылы Мәскеудегі В.И. Суриков атындағы көркем сурет институтын бітірді, М.Ф. Бабуриннен, О. Эльдаровтан, Н.В. Томскийден дәріс алған. 1965 жылдан бастап көрмелерге қатысқан. 1967 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1965 жылдан бері Алматы қаласында тұрады.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1983
- Материалы және техникасы
- Қола, қызыл смальта
- Көлемі
- 50 х 60 х 50
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ (ҰСГ НҚ тк1-1130)