Киіз үйде. XX ғ.
Бұл суретте үш планды композиция орын алған: алдыңғы планда қазақ ұлттық киіміндегі екі әйел адам қолдарында пиалаларын ұстап, мұқият әңгімелесіп отыр; екіншісінде – егде әйел мен жас жігіт, олар да пиаладан сусын ішіп отыр; алысырақ киіз үйдің жабдығын көрінеді. Суреттің түстері өте күрделі: жылы да, суық түстер де бар.
- Автор
- Шаяхметов Камиль Махмұдұлы
- Автор туралы
- 15.10.1928 жылы Көкшетау қаласында туған – 4.05.1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1947 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. 1956 жылы И.Е. Репин атындағы көркемөнер, мүсін және архитектура институтын бітірген, Е. Непринцевтен дәріс алған. 1957 жылдан бастап көрмеге қатысқан. 1957 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1956 жылдан бері Алматы қаласында тұрып қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 60 х 80
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- 60 х 80. ҚРҰМ(ҮСГ НҚ тк1-178)