Камшат Доненбаеваның портреті. 1976 ж.
Суретте бидай алқабының аясында жас әйел бейнеленген. Әйел үстіне жұмыс киім киген: қызыл жейде, қара комбинезон, басында ақ үшкіл орамал. Қолдары жамбас үстіне қойылған, басы сәл оңға қарай бұрылған. Суреттегі барлығы: жарқын түс, жігерлі дене күй, кейіпкердің шымыр дене бітімі, оның күлімсіреуі және көңілді көзқарасы – суретті жасампаз күшке ие етеді. Жұмыс шынайы стильде орындалған.
- Автор
- Шаяхметов Камиль Махмұдұлы
- Автор туралы
- 15.10.1928 жылы Көкшетау қаласында туған – 4.05.1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1947 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. 1956 жылы И.Е. Репин атындағы көркемөнер, мүсін және архитектура институтын бітірген, Е. Непринцевтен дәріс алған. 1957 жылдан бастап көрмеге қатысқан. 1957 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1956 жылдан бері Алматы қаласында тұрып қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1976
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 141х 111
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҮСГ НҚ тк1-747)