Егістік. 1954 ж.
Көкжиек сызығы сурет кеңістігін екі тең бөлікке бөледі. Жоғарғы бөлігінде – бүкіл аспан сұр-ақ бұлттармен тартылған, олар оңнан солға қарай жүзуде. Төменгі бөлікте – жыртылған жер, оның қызғылт-сары атыздары көкжиекке ұмтылады. Жазықтықтардың жанасу нүктесінде, суреттің ортасынан сәл оң жақта аласа үй орналасқан.
- Автор
- Эйферт Владимир Александрович
- Автор туралы
- 01.08.1984, Саратов қаласында туған – 1960 ж. Қарағанды қаласында қайтыс болған. 1922 жылы Н.В. Гоголь атындағы Астрахань өнер колледжін бітірді. 1923–1926 жылдары Астрахань қаласында өмір сүріп, 1936 жылы А.С. Пушкин атындағы Бейнелеу өнері мұражайының директоры. 1941 тамызда әйелімен бірге Қазақстанға жер аударды. Қарағанды облысы, Ворошилов ауданы, А.С. Пушкин атындағы колхозда жұмыс істеген. 1926 жылдан бері көрмелерге қатысқан. 1932 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1954
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 49 х 41
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҮСГ НҚ тк1-757)