Кошары на отгоне. 1981 ж.
Суреттің басты кейіпкері - түйенің үстіне мінген әйел, ол соқпақ жолмен суреттің оң жағына қарай бағытталады. Суреттің түсі жылы, сұр-қоңыр түстері басым. Жоғарғы сол жақ бұрыштан диагональмен төменгі оң жаққа дейінгі жолдың бағытына байланысты, түйенің қозғалысының баяу болып келетінін, және иесі оны еппен игергенін байқауға болады.
- Автор
- Кенбаев Молдахмет Сыздықұлы
- Автор туралы
- 25.07.1925 жылы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған – 17.05.1993 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР халық суретшісі. 1948 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. 1956 жылы Мәскеудегі В.И. Суриков атындағы көркем-сурет институтын бітірді, Ф. Решетниковтан дәріс алған. 1949 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1956 жылдан бастап Алматы қаласында тұрып, қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1981
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 49 х 70
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҮСГ НҚтк1-390)