Сухотинск таңы. XX-XXI ғғ.
Төменгі нүктеден жазылған панорамалық тау пейзажы. Кескіндеме жасыл және көгілдір реңктердің басымдылығымен пастельді түстермен жасалған. Кең дала рельефі тауға айналады, ал аспан, су бетіндей, күзгі ландшафттың барлық түстерін көрсетеді.
- Автор
- Үкі Әжиұлы Әжиев
- Автор туралы
- 23.12.1924, Алматы облысы, Кемір-Тоған ауылында туған – 7.05.2015 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазКСР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты. 1938–1941 жылдары Ленинград көркемөнер академиясы жанындағы өнер мектебінде оқыды. 1950 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген, Н. Крутильниковтан, А. Черкасскийден дәріс алған. 1950 жылдан бастап көрмелерге қатысқан. 1959 жылдан бастап КСРО суретшілер одағының мүшесі. 1950 жылдан бері Алматы қаласында тұрып қызмет жасаған.
- Дәуірі
- XX-XXI ғғ.
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 46 х 69
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- 46 х 69. ҚРҰМ(ҰСГ НҚтк1-101)