Біржан-Сал. 1982 ж.
Үлкейтіп салынған қолында домбырасы бар қазақ ақынның кеуде асты портреті. Кейіпкердің жарқын бейнесін байқауға болады: күміс белбеуі бар қара-жасыл қамзол, бұқара, иығына тасталған қызыл астары бар шапан және мойынының үстіне киген ақ шарф, басында қазақтың ұлттық ерлер бас киімі - бөрік. Артындағы аясы – қара көк. Кейіпкер ішектеріне қолын тигізіп домбыра ұстап тұр, ол өлеңдік поэтикалық сайысы – айтысқа қатысуға дайын.
- Автор
- Сыдыханов Әбдірашит Аронович
- Автор туралы
- 12.08.1937 жылы Гурьев облысы Кулагино ауылында туған – 02.05.2011 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған. 1965 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірді. 1965 жылдан Алматыда тұрды, жұмыс істеді. 1967 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Көрмелерге 1965 жылдан қатысты.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1982
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 140 х 130
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҰСГ-9)