
Ақсақал портреті. 1965 ж.
Біздің алдымызда егде жастағы ер адамның белуарға дейінгі турасынан портреті. Ол қара сұр түсті күпәйке мен шалбар киген. Оның басында ұлттық қазақ бас киімі бар. Қарттың басы оң жаққа сәл иілген, қолдары тізесіне дейін төмендеген. Суретті қарағанда, көрермен назарын ақсақалдың қайғылы көзқарасына аударады. Тіпті отырған дене күйі де әлдеқалай таңдалмаған, оның сұр сақалы өзінің даналығын және қиын өмір жолын көрсетеді. Суретші артындағы аясын жарқын түсті бояумен орындаған. Қабырғада гүл түріндегі түрлі оюлары бар кілемді көреміз. Жалпы алғанда, композициялық жұмыс статикалық түрде шешілген.
- Автор
- Джусупов Али Асқарұлы
- Автор туралы
- 16.09.1928 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы) – 1974. 1953 жылы Фрунзе қаласының көркемөнер училищесін бітіргеннен кейін И.Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтына түскен. 1959 жылдан бері Алматыда тұрды.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1965
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 100 х 70
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҮСГ НҚтк1-323)