Әуеннің тууы. 1974 ж.
Натюрморт қазақ мәдениетіне жататын дәстүрлі нысандардан құрастырылған. Дала кеңістігі мен көкжиектегі тау тізбегінің бейнесі суреттің аясы ретінде алынған. Алдыңғы планда түрлі түсті текеметтің үстінде жатқан қазақтың ұлттық ішекті музыкалық аспабы – қобыз жатыр, оның жанында әйелдерге арналған бас киім – сәукеле.
- Автор
- Бабад Эмилия Наумовна
- Автор туралы
- 10.11.1912, Киев – 1990. 1934 жылы Л. Крамаренко атындағы Киев өнер институтындағы курстарын аяқтады. 1937 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеді. 1957 жылдан бастап Қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1974
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 74,7 х 92,2
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҰСГ НҚ тк1-234)