Табыншылар. 1974 ж.
Біздің алдымызда дала кеңістігіндегі екі ер адам – табыншылардың бейнелері көрсетілген. Олар жазғы ыстық ауа райында мал бағып жүр. Алдыңғы планда біз күш-қуатқа толы, тұрып тұрған жас ер адамды көреміз. Ол үстіне ақ жейде, қоңыр көкірекше, қара шалбар киген, басында тақиясы бар. Оң қолында жылқыларды бағуға көмектесетін ұзын таяқты ұстап тұр, ал сол қолы созылған, ол егде табыншыға бір нәрсе көрсетіп тұр. Егде табыншы жас жігітті мұқият тыңдап отыр. Ақсақал жерде отыр, үстіне ұзын қамзол киген, басында тақиясы бар. Артқы аясында жылқылардың белесті кең далада жайылып жүргені бейнеленген. Дала біртіндеп көкжиегіне дейін созылып, көгілдір аспан мен ақ бұлттармен тұтасады.
- Автор
- Айтбаев Салихиддин Әбдійдіқұлы
- Автор туралы
- 19.02.1938, Қызылорда қаласында туған – 28 қыркүйекте1994 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР-нің лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты. 1961 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірді. М. Кенбаев, У. Әжиевте оқыды. 1961 жылдан бастап көрмелерге қатысқан. 1965 жылдан бастап КСРО суретшілер одағының мүшесі. 1961 жылдан бері Алматыда тұрды және жұмыс істеді.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жылы
- 1974
- Материалы және техникасы
- Кенеп, май
- Көлемі
- 106.5 х 194
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ(ҰСГ НҚ тк1-210)