Құдағи жүзік. XIX ғ.
Жүзік бауырдан және сопақша пішінді қастан тұрады. Тегістелген бауыры ортасына қарай тарылады. Жүзіктің қасы (8,9 х 8,9 х 1,2 см) екі жұқа, жалпақ пластинканы және ені 1,2 см болатын лентены қырынан дәнекерлеп, ішін пастамен толтыру арқылы жасалған. Қастың беті ақыққа ұқсас шыныдан жасалған тамшы тәрізді төрт және дөңгелек пішінді өрнектермен безендірілген. Өрнекті ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, пластинкаға дәнекерленген және бедерлі, тегіс таспамен безендіру арқылы дәнекерленген. Шыныдан қойылған үстемелердің арасындағы кеңістік «бау», «бантик», «үшбұрыш» түріндегі өрнектермен безендірілген. Тамшы тәрізді үстемемен «бау» өрнектің арасына көзтана орнатылған. «Бау» өрнегінің екі шетіне үлкен көзтана бекітілген. Қастың тік қабырғасының жоғарғы және төменгі бөліктері үшбұрыш және үзік сызық пішініндегі бүршіктермен өрнектелген.
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Батыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Дәнекерлеу, көзтана, керту, қалыптама, ақ түсті металл, бүршіктеу
- Көлемі
- 8,9 х 1,0 х 4,5
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ КЗ-2258/1-2 (ПМО-5180)