Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.
Үш негізгі бөліктен және үш салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтар өзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.
Бірінші бөлігі үшбұрышты ұшы бар квадрат, шыныдан жасалған екі сопақша пішінді көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,5 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
Екінші бөлік екі сопақша тілімшелерден тұрады және барлық аймағы үш бұрыш түріндегі түйіршіктермен безендірілген.
Үшінші бөлік квадрат тәріздес тілімшелерден тұрады, ортасына қарай ақыққа ұқсас,шыныдан жасалынған екі сопақша көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегі түйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Западный Казахстан
- Материалы және техникасы
- Дәнекерлеу, шыны, түйіршіктеу, керту, қалыптау, өрме
- Көлемі
- 55,3 х 6,1
- Орналасқан жері
- Национальный музей Республики Казахстан
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ КЗ-1112 (ГМРК тк1-141)