Мойын әшекейі - «Өңіржиек». XIX ғ.
Үш негізгі бөліктен және бес салпыншақтан тұрады. Бөліктер мен салпыншақтарөзара жылжымалы ілмек пен сақиналармен біріктірілген.
Бірінші бөлігі көпқырлы, ақыққа ұқсас шыныдан жасалған екі сопақша пішінді және бір тамшы тәрізді көзбен безендірілген. Ұяшықтардың биіктігі 0,2 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.
Екінші бөлік ақ түсті металдан жасалған көлденең көзге бөлінген, ортасында шыныдан жасалған екі сопақша көзбен безендірілген квадраттан тұрады. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған.Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
Үшінші бөлік ақ түсті металдан жасалған көлденең көзге бөлінген, ортасында шыныдан жасалған екі сопақша көзбен безендірілген квадраттан тұрады. Ұяшықтардың биіктігі 0,3 см, тілімшеге дәнекерленген, олардың үстіңгі жиектері көздің айналасында бүгілген, сонымен қатар кедір-бұдырлы және тегіс жұқа сыммен безендіріліп, ширатылып қалыпталған. Көздері үшбұрыш түріндегітүйіршіктелген дөңгелек табақшалармен жабылған.
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Батыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Дәнекерлеу, шыны, түйіршіктеу, керту, қалыптау, өрме
- Көлемі
- 67 х 9,5
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ-2097 (ПМО тк3-4378)