Құдағи жүзік. XIX ғ.
Жүзік бауырдан және сопақша пішінді қастан тұрады. Тегістелген бауыры ортасына қарай тарылады. Жүзіктің қасы (7,3 х 7,3 х 1,1 см) екі жұқа, жалпақ төсемшені және ені 1,1 см болатын лентены қырынан дәнекерлеп, ішін пастамен толтыру арқылы жасалған. Биіктігі 0,35 см ұяшық төсемшеге дәнекерленген, қалыпталған тегіс және кедір, бұдыр қаңылтырмен көздердің шеті, үстіңгі бөлігі бастырыла безендірілген. Көздердің беті үшбұрыш пішіндегі көзтаналармен безендіріле отырып бекітілген. Көздердің арасындағы кеңістік «бау», «бантик» пішіндес өрнектермен көмкерілген. Сопақша көздерді айнала көзтаналар тізбегі орналастырылған. «Бау» өрнегінің екі шетіне көзтаналар орнатылған. Қастың жоғарғы және төменгі бөліктері үшбұрыш пішіндегі және үзік сызықтар түріндегі көзтаналармен безендірілген. Қастың жиегі ұсақ көзтана түрінде қалыпталған қаңылтырмен айнала бастырылған. Қастың бүйірі үшбұрыш пішіндегі ұсақ көзтаналармен өрнектелген.
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Батыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Дәнекерлеу, көзтана, керту, қалыптама, бүршіктеу.
- Көлемі
- 7,3 х 6 х 3,6
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ КЗ-2259 (ПМО тк3-4378)