Құдағи жүзік. XIX ғ.
Құдағи жүзік екі саусаққа қатар киілетін қос шеңберден және негізгі бөліктен тұрады. Жүзіктің бетінің екі шетіне бедерленіп екі көз қойылған бедерлемеде қою қызыл бояу жаққан әйнек салған көздері бар. Екі бедерлеменің ортасын бөліп тұрған бөлік бұл екі отбасын тіл көзден сақтайды деген ырыммен жасалынған. Жүзіктің бет жағының ернеулеріне дөңгелек иректеліпәс емделген өрнек салынған. Жалпы жүзіктің беті шаңырақ пішіндес етіліп жасалынған ол отбасының белгісі.
Құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағайына өзінің қызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тартқан. Екі саусаққа кигізілуінің өзіндік себебі де бар: екі елдің баласы тіл табысып, бір шаңырақ көтеріп, бір отбасыға айналсын деген ырыммен жасалынады.
Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі.
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Батыс Қазақстан, Маңғыстау
- Материалы және техникасы
- Ақ түсті метал, алтын жалату, шыны, көзтана, соғу, қалыптау, оймыш, ширатпа, бедерлеме
- Көлемі
- 3,2 x 7,8 x 7,8
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚР ҰМ КЗ-2049 (ПМО 4330)