Қос білезік. XIX ғ.
Қос білезік жұмырланып келген күмістен жасалған. Білезіктің ортасы жапырақ тәрізді өрнекпен безендіріліп, құйма техникасын пайдалана отырып дайындалған. Жалпы қос білезік өсімдік композициясымен өрнектелген, шеттері қалыптама техникасын пайдалана отырып, көз пішіндес өрнектермен безендірілген. Білезіктердің тісті жиектері «дөңгелек» ою-өрнектермен бедерленген.
- Автор
- Халық шебері
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Оңтүстік Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Ақ түсті металл, оймыш, құйма
- Көлемі
- 2,2 х 7,4
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ КЗ-1498/1-2 (ПМО 1169/1-2)