Қос білезік. XIX ғ..
Қос білезікжалпақ бауырлы болыпкелген. Білезіктің ортасына «құсқанат» өрнегі салынып, екі қанаттың ортасы дөңес зауыт үлгісімен безендірілген. Композиция негізінен құрамында құс қанаттары мен пирамида және ромб пішіндес, бұйраланып келген сіркелену әдісімен жасалынған өрнектерден тұрады. Қос білезіктің ортасына салынған «құсқанаты» бейнесіндегі өрнектің ортасында тамшы тәрізді салынған бөгет бар. Дөңес скан техникасымен өрнектелген. Қос білезік негізінен сіркелік қалыптау техникасымен жасалынып, алтын жалатылған. Білезіктердің тісті жиектері «дөңгелек» ою-өрнектермен бедерленген.
- Автор
- Халық шебері
- Дәуірі
- XIX ғ.
- Жасалған жері
- Батыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Ақ түсті металл, шыны; қалыптама, алтын жалату, сіркелеу, соғу
- Көлемі
- 7,5 х 1,0
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ КЗ-2198 (ПМО 4782/1-2)