Өсімдік өрнекті пластина
Ж.с.д III–II ғғ. Теңлік қорғанынан табылған жұқартылған металдан ойылған құйма әшекейлерде тігуге арналған тесігі бар өсімдік мотивтері бар (жапырақты және шоқ гүлдер, желі, таратын өсімдіктер). Әсіресе гүл жарған «иілген сабақтар» мотиві ерекше көңіл аударарлықтай, дәл сондай ою-өрнектер эллиндік (грек-бактрийлерік, үнді-гректік парфяндық) өнерде де бар. «Теңлік» әшекейлеріндегі басқа мотивтердің көпшілігі, соңғы деректерге қарағанда, Пазырық мәдениетіне үндесіп жататын алтайлық қорғандар Берел, Шебе, Қотандық ескерткіштері Орта Азияның эллиндік өнеріндегі ою-өрнектермен төркіндес. Кейбір бұйымдар, әсіресе қара және қызыл бояулармен боялған заттар, «Есік» қорғанынан табылған олжаларға ұқсайды. Жұқартылған металдан ойылып жасалған әшекей алтын.
- Дәуірі
- ж.с.д III-II ғғ.
- Жасалған жері
- Алматы қ., Қарғалы шатқалы
- Материалы және техникасы
- Алтын
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ УҚтк2-695/1-6Ма 146 ҒОМА 480