Алтын құмыра
Кешеннен табылған ең құнды жәдігерлердің бірі жұқа алтын пластинадан жасалған алтын құмыра. Қытай және моңғол деректеріне сәйкес осы тәрізді алтын және күміс құмыралар түркі халықтарында кең таралған. Құмыраның ерекшелігі биіктігі енімен салыстырғанда үлкендеу, ортаңғы жағындағы қабырғалары шығыңқы, пішіні бойынша гүл сауытына ұқсас келеді. Тұтқасы бұралған сымнан емес, пластинадан жасалған.
- Дәуірі
- ж.с.д. IV-III ғғ.
- Жасалған жері
- Сарыкөл. Шығыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Алтын
- Көлемі
- 5,3
- Салмағы
- 17,9 г
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМтк1 2146