Сырға
Ж.с.д. XII–X ғғ. Сырғалардың біреуіне алтын жалатылған, оның андрондық дөңгелек сырғалардан еш айырмашылығы жоқ. Түр жағынан ерекше болып құйылған, екіншісінің өте қолайлы да әдемі бекіткіші бар. Дөңгелек сырғаның ортасына бірінің артында бірі тұрған екі ат бейнеленген. Бұл бейнелер бір ізге түскен стиль бойынша қалыпты әдіспен жасалған. Аттардың әр мүшесі әсірелей салынғаны көрініп-ақ тұр: қалыптан тыс жуан мойны мен қақ айырыла төгілген жалы, кең танауы, сәл ғана төмен қарап қалған үлкен дөңгелек көз қалыпты бір тәсілді танытады. Бұл бейнелер тегі жұмсақ тасқа ойылып салынған да, кейіннен әрі қарай жетілдірілмеген болуы керек.
- Дәуірі
- ж.с.д. XII-X ғғ.
- Жасалған жері
- Мыңшұңқыр. Шығыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Алтын
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ УҚтк2-665МА В 1ҒОМА 451