Свастика түріндегі үлкен пластиналы жапсырмалар
Свастика түрінде жыртқыш сипаттағы орнитоморфты бейне бейнеленген квадратты пішіндегі пластиналы жапсырмалар. Самұрық бейнесі күшті жұмылған ұзын және өткір емес төмен иілген тұмсығы көрсетілген, төменге қарай самайы айқындалады және үлкен дөңгелек дөңесті айналасы шығыңқы дөңгелекпен көмкерілген көзі бар құстың басы түрінде берілген, самұрық басы жанынан бейнеленген. Самұрық бастары бірінен соң бірі айналдыра композицияны аяқтайтын айналма негізінде орнатылған, ортасы бойымен дөңесті шеңбердің айналасы шығыңқы түрде көмкерілген. Самұрық тұмсықтары алдындағы самұрықтың желке тұсымен жанасады. Самұрық бейнелерінде агрессиялық көрніс айқын байқалады. Бір шетінде фантастикалық жануар бейнесі самайы айқын күшті жұмылған тұмсығы түрінде көрсетілген. Ауыз сызығы доға түріндегі тереңдетілген жырық түрінде белгіленген. Бедері айқын, беткі және кері беттері жақсы жасалған. Кері бетінде 4 ілмек дәнекерленіп жапсырылған. Төрт самұрық тұмсығы астынан тесік тесілген. Самұрық көзі астынан желкесіне дейін үтір тәрізді шығыңқы дөңесті жырықпен көмкерілген.- Дәуірі
- ж.с.д. VI-V ғғ.
- Жасалған жері
- Тақсай-1 қорғаны. Батыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Алтын, пластинаны соғу, пластиналы жолақтарды соғу, өрнек салу, дәнекерлеп жапсыру
- Көлемі
- 4 х 4
- Салмағы
- 212 г
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ УҚ тк2-926/1 БКОМ № 9241/15