Самұрық-қойдыңекі басы бейнеленген пластиналы жапсырмалар
Сопақшаға түйінділген қарама-қарсы самұрық-қойдың екі басы бейнеленген композициялы пластиналы сопақша пішіндегі жапсырмалар. Самұрық-қойдың бастары жоғарғы бедерде бейнеленген. Шайқасып жатқан тұмсығы созылыңқы ірі көлемдегі бастардың композициялық сюжеттін көруге болады. Жақтары жабық, көздері дөңгелек дөңес дөңгелекше келген қарашығы тамшы түріндегі пішінде көрінеді. Құлақтары қысқа күлте түрінде, горизонтальды. Жануардың мүйізі шығыңқы және құлағы айналасында иілген, құлағының шеті мүйізге келіп тіреледі. Тұмсығы иілген анық көрінеді. Ауыз қуысы тереңдеу келген жырықтар түрінде белгіленіп айналасы шығыңқы. Жоғарғы жағы көлемді болып келеді. Бет жақ бетінің бедері анық және кері жақ беті беткі жақ беті матрица бойынша өрнектер соғылған алтын қаңылтырдан жасалған. Кері жақ бетінде төрт ілмек дәнекерленіп бекітілген.- Дәуірі
- ж.с.д. VI-V ғғ.
- Жасалған жері
- Тақсай-1 қорғаны. Батыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Алтын
- Көлемі
- 4,5 х 3,0
- Салмағы
- 254 г
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМ тк2-924/1 БҚОМ № 9241/13