Тауешкі мүйізді қанатты аттар протомасы
Ж.с.д. IV–III ғғ. Аузы, танауы, көзі, қабақ үсті анық бейнеленген, жақ сүйектері шығыңқы. Басында тау арқарларының мүйіздері және қанаттары бар. Аяқтары бүгілген. Аттар протомалары дөңгелек мүсін техникасында жасалған. Мүсін негізі – ағаш, жапырақ алтынмен жалатылған.
Сақ тайпаларының мифологиялық киелі жануарларының бірі – жылқыболып есептелінген. Жылқыға кигізілген тау арқарларының мүйіздері жер иесінің құдай тәрізді болмысын білдіреді.
Жылқы өзге әлеммен байланыстыратын, әрі дүниелердің арасын жалғастырушы жануар болып саналды, ал қанаты жоғарғы әлемді білдіреді.

- Дәуірі
- ж.с.д. IV-III ғғ.
- Жасалған жері
- Есік қорғаны. Жетысу
- Материалы және техникасы
- Алтын, қалыптау
- Көлемі
- 10 х 17,5
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМтк1-1835 А3-189