Жүген. ХХ ғ.
Жүген – негізінен ноқта, ауыздық, тізгін және шылбыр сияқты төрт бөлімнен тұрады. Ноқта – екі жақ, бір-бірден милық, кеңсірік және сағақ сияқты бөлшектерден тұрады. Екі жақтың ұзындығы екі түрлі, яғни қамшылар жағындағысы екіншісінен едәуір ұзын болады да, жоғарғы ұшы жылқының желкесінен асып, аттанар жағындағы жақтың жоғарғы ұшындағы айылбаспен бекітіледі. Ұзын жақтың жоғарғы ұшын жүгеннің желкелігі дейді. Желкелік арқылы жүгенді үлкейтіп, не кішірейтіп отырады.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жасалған жері
- Оңтүстік Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Тері, металл; құю, шегелеу
- Көлемі
- 85 х 3,5
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ГМЗ КП-995/2, ГМЗ ОФ-685/2