Үзеңгі. ХХ ғ.
Үзеңгі – ер қапталына тағылатын, салт атты атқа мінгенде аяғын салып мініп, аттан түскенде аяғын салып түсетін маңызды ер әбзелдерінің бірі. Үзеңгі темірден соғылып, астыңғы аяқ қоятын жағы қошқар мүйіз оюымен өрнектеліп соғылған, баулары үзеңгіге бекітіліп теріден жасалған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жасалған жері
- Оңтүстік Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Металл,тері; соғу, қақтау
- Көлемі
- 24 х 14,5
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ПМОтк1-590/2-3 (тк1-590/2-3)