Жүген. ХХ ғ.
Жүген – аттың басын алып жүру үшін, оңды-солды бұру үшін қажет жабдық. Жүгенде ауыздық, сулық, екі жақтау, желкелік, сағалдырық, кеңсірік және айылбасы бар. Ат басына кигізілетін жүген, таспалар мен ауыздықтан тұрады. Таспалары теріден жасалған. Сонымен қатар әшекейленген металдар бекітілген.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жасалған жері
- Оңтүстік Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Тері, металл; өңдеу, құю, шегелеу
- Көлемі
- 120 х 3,5
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ГМРКтк1-234/6 (тк1-234/6)