

Үзеңгі. ХХ ғ.
Үзеңгі – ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Ердің қапталына қайыс бау арқылы тағылады. Үзеңгі металлдан құйылып дайындалған. Үзеңгінің жиектері жезбен көмкерілген, ал ортаңғы беті күміс пластинамен өсімдік тәріздес өрнектермен нақышталған.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жасалған жері
- Оңтүстік Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Темір, жез, күміс; соғу, нақыштау
- Көлемі
- 38 х 16
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ГМЗ КП 732/1,2 (ГМЗ ОФ 516/1,2)