Ер. ХХ ғ. басы.
Ер - салт атқа мініп жүру үшін пайдаланатын әбзелдердің бірі. Ер қаңқасы қайың ағашынан шабылып, екі қаптал, екі қас, белағаш бөлшектері құрастырылып, таспа арқылы біріктірілген. Ердің алдыңғы қасы доға тәрізді биіктеу жасалған, артқы қасы сәл аласа, орнықты, артқа қарай шалқақтау келген. Алдыңғы және артқы қастың қапталы қызыл боялып, жұқа ақ металлмен қапталған, оның ортасы зооморфтық өрнектермен нақышталған, алдыңғы қасына үш ақық тас орнатылып, шегелермен бекітілген. Ердің беткі қабаты былғарымен қапталып шегеленген. Артқы қапталының оң жағына айылбас орнатылған. Ердің екі қапталы үзеңгі бау өткізу үшін тесілген.
- Дәуірі
- XX ғ.
- Жасалған жері
- Шығыс Қазақстан
- Материалы және техникасы
- Ағаш, металл, тері, ақық; өңдеу, тесу, шегелеу, нақыштау, тігу
- Көлемі
- 45 х 74 х 37
- Орналасқан жері
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
- Инвентарлық нөмірі
- ҚРҰМнк 22829/1-3 (ГМЗКП 995/1-3)